Сергей Лавров Эднан Қарабаевпен келіссөз жүргізді

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров еліміз Қырғызстан экономикасына көбірек инвестиция салуға мүдделі деп мәлімдеді. Сергей Лавров бүгін Чолпон-ата қаласында Қырғызстан сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевпен келіссөз жүргізді. Келіссөзде энергетика саласындағы әріптестік, екеуара сауда, экономикалық қатынастар, көлік қатынастары сөйлесілді.