ВАРШАВА: Польшаның премьер-министрі Ярослав Качиньский осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында кезектен тыс парламент сайлауының өтуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мұндай көзқарасын Качиньский “Самооборона” партиясы коалициялық үкіметтің құрамынан шығатынын мәлімдеген кеше кешкісін айтты. “Самооборона” партиясының үкімет құрамынан шығуына өзінің лидері әрі вице-премьер Анджей Леппердің қызметінен босатылуы себеп болды. Я.Качиньский оны өзі бастаған ауыл-шаруашылық министрлігіндегі жемқорлыққа қатысты жанжалдың шығуы салдарынан босатқан болатын.