БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының бас қолбасшысы Дэвид Петреус осы елдегі көтеріліске қарсы соғыс ұзақ жылдарға созылуы мүмкін деп есептейді. Би-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында генерал Петреус партизан соғысы кең етек жайған елдердің тәжірибесін ескере отырып, мұндай соғыстың 9-10 жылға дейін созылуы мүмкін екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, АҚШ пен Ирақ үкіметтері келешекте Ирақта АҚШ-тың қанша әскерін қалдыру керектігін шешуге тиіс. Ираққа қосымша АҚШ әскерін орналастырудың қандай нәтиже бергені – қыркүйек айында мәлім болады”, - деп мәлімдеді Д.Петреус.