Қара Теңіздегі әскери жаттығуларға байланысты Одессада наразылық шарасы өтті

Қара Теңізде Украинаның Одесса қаласының жанында 13 елдің қатысуымен әскери теңіз жаттығулары басталды. Екі аптаға созылатын жаттығуларға АҚШ пен НАТО-ның басқа да мүше елдерінің және Украина мен Кафказдағы мемлекеттердің құрлықтағы және теңіз әскерилері қатысуда. Ресейшіл және НАТО-ға қарсы топтардың жүздеген қолдаушысы осы әскери жаттығуларға байланысты Одессада наразылық шарасын өткізді.