Сребреница қырғынына 12 жыл толды

Бүгін Босния серб күштерінің Сребреницада 8 мың мұсылман еркек кіндіктілерін қырғынға ұшыратқанына 12 жыл толды. 1995 жылы Босния соғысы барысында Сребреницада орын алған бұл қанды қырғын Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бергі уақыттағы ең бір қайғылы оқиға болды. Өткен ақпан айында халықаралық әділет соты Сребреница қырғынын геноцид деген шешім шығарған болатын. Бүгін Сребреница құрбандарының жаңадан анықталған 465-нің мәйіттері мемориал кешеніне жерленетін болады. Бұған дейін 2500 құрбан осы Сребреница мемориалына қойылған еді.