Ресей Еуропадағы ядролық емес қарулы күштер туралы келісімнен шықты

БРЮССЕЛЬ: Ресейдің Еуропадағы кәдімгі қару-жарақты бақылау туралы келісімнен шығу жөнінде шешім қабылдауына НАТО, АҚШ және Еуропаның бірқатар мемлекеті көңілі қалғандарын мәлімдеді. Ресей президенті В.Путин әлгі келісімді орындаудан бас тарту туралы жарлыққа сенбі күні қол қойды. Ресей сыртқы істер вице-министрі Сергей Кисляк мәлімдегендей, ондай шешім НАТО-ның әлгі келісімнің бірқатар шартын бұзуына байланысты қабылданды. Ол келісімге 1990-ыншы жылы НАТО мен Варшава келісіміне мүше мемлекеттер қол қойған болатын.