БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Косовоға қатысты қарар жобасына Ресей қарсылық танытты

Косово аймағының болашағына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа қарар жобасына Ресей қарсылық танытты. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин АҚШ пен Европаның алпауыт елдері тарапынан әзірленген қарар жобасын тәуелсіздік бағытындағы қулық әрекет деп сипаттады. Басым бөлігі албандар болған Косово аймағы тәуелсіздікке қол жеткізгісі келеді. Ал Сербия оған қарсылық білдіріп, Косовоға автономия беруді ұсынып отыр.