Түркімен президенті халықтың еркін сапарға шығуына жол ашатын жарлық қабылдады

АШХАБАД: Түркіменстан президенті Г.Бердімұхаммедов азаматтардың ел ішінде жүруіне рұқсат беретін заңның күшін жоятын жарлыққа қол қойды. Осы заңға сәйкес, түркімен азаматтары елдің ішіне сапарға шығу үшін биліктен арнайы рұқсат алуға міндетті болатын. Президенттің кеңсесі хабарлағандай, соңғы жарлық бұқара халықтың әл-ауқатын жақсартып, емін-еркін жүруіне жағдай жасау үшін қабылданды. Бірақ ол жарлықтың қашан күшіне енетіні белгісіз.