АШХАБАД: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов энергетика мәселесі бойынша келіссөз өткізу үшін бүгін Қытайға сапарға шығуға тиіс. Хабарға қарағанда, Бердімұхаммедовтің Бежинге сапары 2 жақты жобаларды, оның ішінде түркімен газын Қытайға тасымалдау жобасын жедел іске асыруды көздейді. Сапардың барысында Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниясы Түркіменстандағы газ кеніштерін игеру туралы келісімге қол қоюға тиіс.