Қазақстаның заң орындары үстінен қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған, қазіргі кезде Австрияны паналап жүрген Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев, дүйсенбі күні интернеттегі сайттардың бірінде жарияланған сұқбатында, Қазақстандағы «Караван» газеті мен КТКтелеарнасы өзінің меншігіндегі заңды ақпарат құралдары болып табылатындығын айтып, алда-жалда оны тартып алғысы келетін адамдар болса онда халықаралық сотқа шағымданатындығын ескерткен.
«Президент және оның адамдары сайлау алдында Қазақстандағы медиа нарығын бөлісу мақсатында менің осы ақпартат құралдарымды «Казахмыс» корпорациясына бермекші болған» депті Рахат Әлиев.
«Менің жеке меншік мүлігімді ұрлау мақсатында жасалған бұндай алаяқтыққа бару арқылы Қазақстандағы сөз бостандығына шабуыл жасалғандықтан бұл мәселемен қазір менің адвокаттарым айналысып жатыр, кешікпей бұл іс халықаралық сотқа берілетін болады» депті Р.Әлиев өзінің сұқбатында.
Ал «Караван» апталығының жауапты хатшысының міндетін атқарушы Лариса Увалиева шілденің 17-күні «Азаттық» тілшісіне берген сұқбатында, бұл газеттің иесі Р.Әлиев екенін растады.
«Ол осы газеттің бұрын да қожайыны, қазір де қожайыны болып табылады, одан газетті ешкім де тартып алған жоқ . Егерде газет қожайыны өзгерсе, онда бұл туралы біз білуге тиістіміз, бірақ ондай ақпарат естілген жоқ», - деді Увалиева.
Ол сондай ақ «Караван» газетінің бас редакторы болып істеп келген Андрей Шуховтың қазір де бас редактор қызметінен кетпегендігін, тек қана оның қазір шетелде іссапармен жүргенін айтты.
«Соған қарамастан, «Караван» газеті бұрынғыдай апта сайын еш өзгеріссіз тұрақты шығып жатыр, бізге ешкім де қыспақ жасап жатқан жоқ», - деді Лариса Увалиева.
Құрамына КТК телеарнасы мен «Караван» газеті кіретін «Алма-Медиа» холдингінің заңгері Айгерім Масатбаевадан, Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінен де қандайда бір түсініктеме ала алмадық.
«Әділ Сөз» халықаралық қорының президенті Тамара Қалеева Р.Әлиев «Караван» газетінің шынымен иесі болып табылғанымен, қазір оның бұл газетке ықпал әсері азайды деген пікір айтады.
«Өйткені, билік Р.Әлиевке қарсы қалай қылмыстық іс қозғады, содан бері газет үнсіз қалды. Газеттің бас редакторы, газет редакциясының алқасындағы журналистер кімдер екендігі белгісіз, ол газет бетіне жазылмайтын болды, бұл - Қазақстандағы бұқаралық ақпарт құралдары туралы заңды бұзу болып табылады», - дейді Т.Қалеева.