Ирақта “Әл-Қаида” басшыларының бірі қамауға алынды

АҚШ әскерилері Ирақтағы лаңкесттік “Әл-Қаида” ұйымы басшыларының бірін қамауға алды. Бригада генералы Кевин Бергнер журналистерге берген сұхбатында Халид Абд әл-Фатаһ Дауд Махмуд әл-Машхадани шілденің 4-і күні елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында тұтқындалды деп хабарлады.