Бүгін Талибан елдің шығысында әскери тікұшақты атып құлатқанын айтып отыр. Талибан өкілі Забиулла Можахед «Азаттыққа» берген сұхбатында ол ұшақтың Нұристан провинциясында атылғанын айтты. НАТО өкілі Нұристанда бір тікұшақ төтенше жағдайда жерге қонғанын, ешкім жарақат алмағанын хабарлады.