Мәскеу ресми Лондонмен арадағы қарым-қатынасын түзеуге дайын

БЕРЛИН: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровтың хабарлауынша, Мәскеу Ұлыбританиямен арадағы қарым-қатынасын түзеуге дайын. Берлинде журналистермен кездескен сәтінде С.Лавров екі жақты қарым-қатынас бір-бірінің мүддесін сыйлау мен ақылға негізделуі керек деп мәлімдеді. Оның алдында Ресей өзінің Лондондағы 4 дипломатын елден қуу туралы ағылшын үкіметінің шешіміне есе қайтарып, ағылшындардың да 4 дипломатын Мәскеуден қуатынын хабарлаған болатын. Ресми Лондон мұндай шешімін бұрын Ресей агенті болып, кейін ағылшын азаматтығын алған А.Литвиненконың қазасына қатысы бар деген күдіктіні Мәскеудің ұстап беруден бас тартуына байланысты қабылдады.