КАБУЛ: Ауғанстан үкіметі тәліптердің 2 неміс азаматын дарға асқаны туралы мәлімдемесін теріске шығарды. Кеше ауған сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қолдағы мәлімет бойынша, тәліптердің қолына түскен 2 немістің бірі жүрегі қысылып көз жұмған, екіншісі әлі тірі. Осыған дейін тәліптердің өкілі Қари Мохаммад Юсуф Германия Ауғанстаннан өз әскерін шығармаған соң, әлгі 2 немістің дарға асылғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Юсуф егер ауған үкіметі қолға түскен тәліптерді босатпаса және Сеул Ауғанстаннан өз әскерін шығармаса, тұтқында отырған Оңтүстік Кореяның 23 азаматын да өлтіре бастайтындарын ескертті. Бастапқы да ауған үкіметі тұтқындағы кәрістердің саны 18 деп хабарлаған болатын.