Бүгін Ауғаныстанның соңғы патшасы жерленеді

Ауғаныстанның 92 жасқа келіп қаза болған соңғы монархы Қабулдағы зиратқа өзінің әйелі мен туыстарының жанына қойылады. Мохаммад Захир Шах дүйсенбі күні дүниеден өткен еді. Елде үш күндік аза тұту жарияланды. Жерлеу рәсімі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Италияда қуғында болған Захир Шах Талибан режимі құлаған соң 29 жылдан кейін еліне оралған.