Астана және Алматы епархиясының дінбасылары Алматыдағы «Қуат» корпорациясының жаңа құрылыс алаңында орналасқан қарасты екі христиан шіркеуінің бұзылу қаупіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал «Қуат» құрылыс корпорациясының мамандары «біз ешқандай да шіркеулерді бұзайық деп отырған жоқпыз, дінбасыларының олай деп алаңдауына негіз жоқ» деп сендірсе, «Алматыжер» мамандары қалалық архитектура басшылығына осы діни ғимараттар орналасқан алаңқайларды сол қалпында қалдыру туралы өтініш жасап, оған жауап күтіп отырғанын жеткізді. Қалалық әкімшіліктің осы мәселемен айналысып отырған мамандары болса мәселе әлі талқыланып жатқанын айтады.
Алматыдағы «Богоявленский» храмы мен «Всех скорбящих радость» шіркеуі қаладағы Сайран су қоймасына жете беріс маңда орналасқан. Ол жерде болашақта салынады деп жоспарланған құрылыс жобасы алдымен «Манхеттен» деп аталып, кейін атауы Сайран ықшам ауданы деп өзгертілді. Бұл жерде «Қуат» құрылыс корпорациясы зәулім үйлер тұрғызып жатыр. Сол үлкен жаңа құрылыс аумағында қалып отырған шіркеудің салынғанына жүз жылдай болса, храм осыдан оншақты жыл бұрын салынған. Астана және Алматы епархиясының баспасөз хатшысы Александр Иевлев екі ғимаратты да тарихи мұра ретінде бұзбай, сақтау керектігін айтады.
«Храмды, қандай да ізгі ниет мақсатын жамылып болса да, бұзу – жазасыз қалмайтын шаруа. Ондай әрекетке барғандар жаратушымыздың кәріне ұшырары хақ. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары храмдарды бұзғандардың, олардың ұрпақтарының тағдырлары не болғанын білесіз ғой. Бұл жерде «Алматыжер» мен «Қуат» корпорациясының үлкен коммерциялық мақсаты бар. Бұл маңайды, көлдің жағасы болғандықтан, демалыс, ойын-сауық кешеніне айналдырмақ. Біз бұл мәселе бойынша діни мәселелер жөніндегі комитетке арнайы хат жаздық, алайда одан жауап алған жоқпыз. Біз не болса да, біздің қарсыластарымыздың саналығы мен даналығы храмды бұздырмайтындай шешім қабылдаттырады деп сенеміз», - дейді А.Иевлев.
Бұл мәселеге байланысты «Азаттық» тілшісіне шілденің 24-күні берген түсініктемесінде, «Қуат» құрылыс корпорациясының жарнамалық маманы Әсел Қапашева «шіркеулерді бұзу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды» дегенді айтты.
«Шын мәнінде, біз ол маңда ешқандай нысандарды бұзайық деп отырған жоқпыз. Біз құрылысты көлдің екінші жағынан салайық деп жатырмыз. Сондықтан, дінбасыларының алаңдауына негіз жоқ деп санаймын. Олар маңайдағы құрылыс қарқынынан сескеніп, алдын-ала алаңдап жатқан болар, ал шын мәнінде біздің корпорация олардың ғимаратын бұзайық деп отырған жоқ», - деді «Қуат» корпорациясының өкілі Ә.Қапашева.
Ал «Алматыжер» мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы Александр Губерт «ондай әңгіме шынымен болғанын, бірақ қазір тиісті органдар онымен айналысып жатқанын» айтты.
«Біздің тарапымыздан қалалық архитектура мекемесіне осы нысандарды бұзу аумағынан алып тастау туралы тиісті хат жолданды. Ол мәселеге әлі жауап алынған жоқ. Сондықтан храм иелеріне әлі ешқандай да «босату» туралы шешім тапсырылған жоқ. Дегенмен, жақын арада бұл мәселе түбегейлі шешілер деп ойлаймын», - деді А.Губерт.
Дін өкілдерінің алаңдаушылығына қатысты қалалық әкімшіліктің діндер жөніндегі негізгі инспекторы Владимир Иванов шілденің 24 күні «Азаттық» тілшісіне келесідей жауап берді:
«Қазір ғана сол храмдарды, құрылыс алаңдарын аралап келдім. Храм - кәдімгі храм. Ондай храмдар Алматыда жетерлік. Бірақ, не болса да, барлығы заң шеңберінде шешілуі керек. Енді екі-үш күнде жауабы белгілі боп қалар, әзірге сізге ешнәрсе айта алмаймын», - дейді В.Иванов.
Ресми деректер бойынша, қазіргі таңда 15 млн тұрғыны бар Қазақстанда 130 ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялардың өкілдері мекендейді. Елде христиан дінін ұстанушылар саны жағынан исламнан кейін екінші орында.