Бостандыққа шыққан Зохид Мирзаев Чех-Герман шекарасынан шілденің 3-і күні өткен кездерінде Оманулло Мақсудовпен бірге, Интерпол пәрменімен тұтқындалған еді. Бұл екі азаматқа Германияда саяси баспана берілген болатын. Олар 2005-ші жылғы Андижон оқиғасынан кейін Өзбекстаннан кеткен еді.