Сейсенбі күні Бас прокуратура таратқан мәлімдемеде «сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сауалнама жүргiзген ұйымды, сауалнама жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген тараптарды, сауалнама жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сауалнаманың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сауалнама нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi» деп аталған. Және «көрсетілген бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына және саяси партияларға қатысты прокуратура органдарымен прокурорлық ықпал ету шаралары» қолданылғандығын хабарлайды. Алайда прокуратураның мәлімдемесінде аталған тәуелсіз басылым редакторлары өз тараптарынан «ешқандай заң бұзушылық болмағанын» айтып отыр.
Қазақстанда сайлау кезіндегі үгіт науқанының басталғанына бір апта толмай жатып елдегі “Алтын ғасыр”, “Взгляд”, “Алма-Ата Инфо”, “Тасжарған”, “Свобода слова”, “Жас Алаш” секілді тәуелсіз басылымдар заң қадағалаушы мекеме тарапынан ескерту алып үлгерді. Бас прокуратураның таратқан мәлімдемесінде аталған басылымдар сайлау науқаны ресми басталмай тұрып, яғни 18-шілдеден бұрын, «үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткені» айтылған.
«Тасжарған» газеті сайлауға байланысты билік орындары тарапынан екі ескерту алыпты. Оның біріншісінде басылым бетінде Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбайдың портреттері болғанын мемлекеттік орган заң талабын бұзу десе, газет редакторы Бақытгүл Мәкімбай онымен келіспейді.
«Газетте берген плакат – ешқандай үгіт-насихатқа жатпайды. Өйткені ол екі партияның - «Нағыз Ақ жол» мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялардың біріккені туралы хабар және, «бізге қосылыңдар» деп, партия мүшелеріне, қазақстандықтарға жасаған үндеуі ғана болатын. Онда «бізді сайлауда қолдаңдар» деген, не болмаса сайлау туралы ешқандай сөз жоқ болатын. Сондықтан, прокуратураның ескертпесі орынсыз деп санаймыз», - дейді Мәкімбай.
Ал тәуелсіз газетке айтылған екінші ескерту қазақстандық сайлаушылардың көңіл-күйін білу мақсатында сауалнама жүргізген бір агенттіктің өткізген баспасөз мәслихатынан жасалған мақалаға байланысты бопты. Бірақ басылым редакторы онымен де келіспейді.
«Әрбір баспасөз-мәслихаты туралы соған қатысқан журналист газетке материал беруге міндетті. Ондай жерде барлық журналистерге баспасөз баянын, әлеуметтік сауалнаманың қағаздарын таратады. Ал егер сол сауалнама жүргізген адамдар бізге арнайы келіп, осылай да осылай, сайлау туралы заңға сәйкес біз сіздерге ақшасын төлейік деп едік десе, онда газетте көрсетілген болар еді. Олардың сол кездегі мәслихаты туралы бүкіл ақпарат құралдары - радио, телевидение хабарлап жатыр. Сондықтан, біз бұл ескертпені де өз тарапымыздан мойындамаймыз. Біз бұл жерде ешқандай заңды бұзған жоқпыз, бұл жерде Бас прокуратура тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын сол мынау сайлау кезін пайдаланып, әйтеуір бір тығырыққа тығып, ертең әкімшілік жазаға тартып, сотқа да шақырып жатса, оған біз таң қалмаймыз. Өйткені, бізге келгенде олар әрбір нүктеге дейін, сүзгіден, линзадан өткізіп отыр. Бірақ, прокуратурадағы мырзалар електен өткізгенде дұрыс өткізе алмай қалған», - дейді Бақытгүл Мәкімбай.
«Свобода слова» газетінің редакторы Гүлжан Ерғалиева заңдылық пен әділеттілік іздеген бас прокуратураның «түйені көрмей, түймеге шұқшиятынын» айтып отыр.
«Осы жерде логика, не болмаса ақиқат қайда деп сұрағың келеді? Бұл дегеніңіз Бас прокуратура басынан бастап астыртын қуғын-сүргін қызметінде тұрғанын көрсетеді. Мысалы, жыл бойы «Нұр Отан» партиясы биліктің ресми басылымдары мен телеарналарынан түспей келеді емес пе? Өз басым, сол үшін не «Хабар», не «Казахстанская правда» газеті, не «Қазақстан» телеарнасы ешқандай ескерту алмағанына сенімдімін. Оларға неге сайлау туралы заңды бұзбаңдар деп ескерту жасамасқа? Ал осы БАҚ істерін елемей, енді келіп бізге айып ретінде тағып отырғандары бүкіл елге, көрер көзге не мақсатпен жасап отырғанын аңғартады ойлаймын», - дейді Г.Ерғалиева.
Қазақстандық тәуелсіз басылымдардың осы уәждарына байланысты Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жамкеннің «Азаттық» тілшісіне берген жауабы төмендегідей болды:
«Өйтіп, пәле іздейтін түгі де жоқ. Мынау пәле іздейтін адамның сөзі ғой. Бұл бәріне арналып жасалған, бәріне деген ескерту. Заң бұзып қоймаңдар деп жылда беріп жүрміз. Алдын-ала беріп жүрген ескерту ғой, «профилактика» дейді мұны... Оның бәрі әбден тексерілген нәрсе ғой. Ал ондай нәрсені дау шығарып әркім айта береді ғой, олардың бәріне шырылдап біз жауап бере береміз бе?!»
Тәуелсіз басылымдарға қатысты жағдайға байланысты баға берген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшілерінің бірі Әміржан Қосанов былай дейді:
«Осы күнге дейін әлеуметтік зерттеулер «Нұр Отан» партиясы қаншалықты қолдауға ие болады?» деген зерттеулер барлық басылымдарда шығып жатыр, ал Бас прокуратураның тек қана осы басылымдарға шүйлігуінде мен саяси астар жатыр деп білемін. Өйткені, сол Бас прокурорды тағайындайтын «Нұр Отан» партиясының басшысы».
Қазақстанда тамыздың 18-іне белгіленіп отырған парламент сайлауы ел тарихында алғаш рет партиялық тізім бойынша өткелі отыр. Парламент Мәжілісіне сайлауға түсіп жатқан 7 саяси партия үшін шілденің 18-інен, ал жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін шілденің 23-інен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ресми рұқсат берілген.