Ресейдің “солтүстік астанасындағы” газ құбырында болған жарылыстың жаңғырығы ұзаққа жетті

С.-ПЕТЕРБОР: С.-Петербордың түбіндегі Лаврики кентінің маңында “Белоусово-Ленинград” магистральді газ құбырында қуатты 2 жарылыс болып, өрт шықты. Соңғы мәліметке сәйкес, өрт сөндірілді. Қаза болғандар немесе жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ресми билік жарылыстың неден болғанын хабарламады. Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, жарылыстың толқыны 5 шақырым қашықтықтан да сезілді. “ГазПром” компаниясының жергілікті “ПетербургГаз” филиалының өкілі мәлімдегендей, бұл апат - газды Ресей аумақтарына немесе шетелге тасымалдауға бөгет жасамайды.