Оңтүстік Кореяның 22 азаматын босату жөніндегі келіссөзге көбірек уақыт берілді

Ауғанстанда талибандардың қолына түскен Оңтүстік Кореяның 22 азаматын босату жөніндегі келіссөзге көбірек уақыт берілді. Талибаншылар келіссөзге Оңтүстік Корея елшісі қосылсын, күте тұрайық дейді. Оңтүстік Корея елшісі Қабул қаласына бүгін келеді. Төтенше мәслихатқа Ауғанстан президенті Хамид Қарзай қатынасады. Оңтүстік Корея азаматтары Ауғанстанда гуманитарлық көмек көрсетіп жүрген христиан ұйымында істеген. Талибаншылар ауған түрмесінде отырған сегіз көтірілісшінің босатылғанын талап етеді, әйтпеген жағдайда кепілдікте отырғандарды өлтіреміз деп тағы шарт қойды.