Ресей оппозициясы балалар құқы туралы жазған журналистің психатриялық емханада ұсталып отырғанын айтты

Ресей оппозициясының белсенділері журналист Лариса Арап саяси себептермен Мурманскідегі психатриялық емханада ұсталғанын хабарлап отыр. Мурманскідегі оппозициялық топтың жетекшісі Елена Василеваның айтуынша, журналисті шілденің 6-сында ұстап, жабық жындыханада ұстаған. Журналист Лариса Арап жақында психатриалық орындардағы балалардың құқығы бұзылып жатқаны туралы мақалалар жазған.