Ингушетиядағы қауіпсіздік қызметінің ғимараты өртенді

Ресейдің тұрақсыз аймағындағы Федералды Қауіпсіздік қызметінің ғимаратына шабуыл жасалып, Интерфакстың хабарына қарағанда, бір әскер қаза болып, екіншісі жараланды. Қазір бұл мекемеге оқ жаудырған деген күдікпен 4 адам қамауға алынды. Ингушетия соғыстан кейінгі Шешенстанмен шекаралас ел.