Оның жүрегіне кардиостимулятор қойылған болатын, құралдың батареясы әлсіреді, сондықтан құрал толық ауыстырылды делінді. 66-жасар Дик Чейнидің жүрегі баяғыдан науқас, ол кезінде төрт рет жүрек талмасына тап болған. Операция сәтті жасалды, Дик Чейни үйіне шықты, әдеттегі күн тәртібіне кірісті деп жарияланды.