Халықаралық инспекторлар дүйсенбі күні Теһранға келеді

Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің делегациясы шілденің 30-ы күні Теһранға келеді деп күтілуде. Иранның ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, МАГАТЭ өкілдері Иранның орталығындағы Арак ауыр-су реакторына сапар жасамақ. Халықаралық инспекторлардың Арак реакторына баруына мүмкіндік берілуі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылақтарды әлсірету үшін маңызды қадам деп саналады.