Ауғанстандағы талибандықтар қолында тұтқында отырған Германия азаматы бейнеленген таспаны әл-Жазира телеарнасы көрсетті

Оның хабарлауынша, қарулы топ қоршап тұрған адам өзінің босатылуы үшін, Германия үкіметін Ауғанстаннан әскерін шығаруға шақырған. Германиялық азаматпен бірге тұтқындалған 4 ауғандықты да әл-Жазира көрсеткен екен.