Ирақтағы басты сүннит араб саяси блогы үкімет құрамынан шығатындарын мәлімдеді

Оның себебі Нури әл Маликидің үкіметі бұлардың талаптарын орындамауда, дейді блок. Келісім майданы деп аталатын бұл саяси блок өткен аптада үкіметтегі 6 министрінің жұмысын тоқтатқан болатын. Елдегі қауіпсіздікке байланысты өз пікірлерін олар көбірек айтқысы келеді. Маңызды сауалдар бойынша бұл блокпен Мәликидің бастауындағы шиит үкіметі ақылдаспайды, дейді Келісім майданы басшылары.