Ресейлік зерттеушілер Солтүстік Мұзды Мұхитының түбіне Ресей туын тікті

Ресей зерттеушілері Солтүстік Мұзды Мұхитында екі суңгуір қайығын су астына түсірді, сөйтіп олар мұхиттің Солтүстік полюс жағындағы түбіне жетіп Ресей туын тікті. Енді ол жерде ғылыми тәжірибе өткізіледі деп күтілуде. Мұнай мен газға бай делінетін арктикалық теңіз түбіне жеткен экспедицияға парламент мүшесі Артур Чилингаров жетекшілік етуде.