Беларус елінің Ресейге 460 миллион долларлық қарызын қайтаруына бүгін таңғы 8-ге дейін соңғы уақыт межесі белгіленіп отыр

Осыдан бір күн бұрын Ресейдің Газпром компаниясы тамыздың 3-іне дейін Минск аталған қарызын өтемесе, онда Беларус еліне жіберілетін газ көлемін 45 пайызға қысқартатындықтарын ескерткен болатын. Ресей газына байланысты қарыздарын төлеуге Беларус президенті Александр Лукашенко уәде берген еді.