Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақты ұлттық бітімге келтіру жолында БҰҰ-ның Ирақтағы атқарар саяси ролін кеңейту жөніндегі қарарды қолдап отыр. БҰҰ-дағы Мәскеудің елшісі Виталий Чуркин Ресей Құрама Штаттар мен Британия ұсынып отырған бұл жобаға қарсы емес деген. БҰҰ-ның Ирақтағы өкілдігінің қызметі тамыздың 10-да аяқталады.