Ирақтың Киркук қаласындағы АҚШ күштерінің рейді кезінде бүлікші деп күдіктелген 33 адам қамауға алынды. Құрама Штаттар әскерінің хабарының қарағанда, ұсталғандардың ішінде Мосулдағы жол бойына қойылған бомба жарылысына жауапкершілік алған террорлық топтың жетекшісі деп күдіктелген адам бар. Бүгін Бағдадта жол бойына қойылған бомба жарылысынан бір адам құрбан болып, бес кісі жарақат алған. Ирақтың Анбар провинциясындағы қақтығыста бір американдық сарбаз қаза тапты.