Тәліптер кепілдіктегі кореялықтарға қатысты ескерту жасады

Ауғанстандағы “Талибан” соғысушылары кепілдіктегі 21 Оңтүстік Корея азаматын өлтіретіндігі жөнінде тағы да ескерту жасады. Франс-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Талибан баспасөз-хатшысы Юсуф Ахмади Оңтүстік Корея және Ауған үкіметінің ресмилерімен арадағы байланыс тоқтап қалды, сондықтан кепілдіктегі кореялықтар кез келген уақытта өлтірілуі мүмкін деді. Тәліптер осыған дейін екі корея азаматын өлтірген болатын.