Ирақта Ассоушейтед пресс ақпарат агенттігінің журналисі жоғалып кетті

Ассоушейтед пресс ақпарат агенттігіне қызмет етіп жүрген ирақтық журналисттің жоғалғанына бір аптадан асты. Талал Мохаммад деген тілші Бақуба қаласынан Бағдадқа бара жатқан жолда жоғалып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ. Нақтыланбаған деректерге қарағанда, оны бетін бүркемелеген қарулы адамдар ұстап әкеткен.