Джордж Буш Франция президенті Николас Саркозиді қабылдады

АҚШ президенті Джордж Буш кеше Кенненбанкпурт қаласында орналасқан үйінде Франция президенті Николас Саркозиді қабылдады. Кездесу бейресми жағдайда өтті. Америка Құрама Штаттарында демалыста жүрген Николас Саркозидің жұбайы Сесилья денсаулығым болмай тұр деп, Буштың үйіне келмеді. Джордж Буш пен Николас Саркозидің кездесуі Америка Құрама Штаттары мен Францияның қатынастарын жақсартады деген үміт беріп отыр. Екі ел қатынастары Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың кезінде біраз салқындап қалған.