Венеция қаласында жаңа көпір пайдалануға берілді

ВЕНЕЦИЯ: Италияның Венеция қаласында жаңа көпір пайдалануға берілді. Шыны мен болаттан құрастырылған 270 тонналық көпір темір жол бекеті мен қаланың ең басты су артериясы болып табылатын Гранд-каналын қосады. Бұл Гранд-каналдың үстінен салынған 4-інші көпір. Жаңа көпірдің құрылысы талай наразылық шарасын туғызып, ақша көп жұмсалып, әлденеше рет кейінге ысырылып, ақыр-соңында салынып болды.