Сербиялық теннисші әлемдегі ең күшті 3 ракетканы қатар жеңді

МОНРЕАЛЬ: Әлемнің ең күшті теннисшісі саналатын Роджер Федерер Монреаль қаласындағы “Мастерс” турнирінде екінші рет жеңіске жете алмады. Финалдық кездесуде ол сербиялық қарсыласы Новак Джоковичке 3 сетте ұтылып қалды. Джокович финалға дейін үлкен теннистен дүниежүзілік рейтинг бойынша алғашқы үш орында тұрған швейцариялық Р.Федерерді, америкалық Энди Роддикті және испаниялық Рафаэль Надальді кезек-кезегімен жеңді. Мұндай жетістікке 1994-інші жылы Стокгольмде неміс теннисшісі Борис Беккер ғана қол жеткізген болатын. Сол жылы Беккер әлемдегі бірінші ракетка болған америкалық Пит Сампрасты, 2-нші ракетка болған Горан Иванишевичті және үшінші ракетка Михаэль Штихті жыққан еді.