Ауғанстандағы “Бейбіт джирганың” соңғы күні Пәкістан президенті сөз сөйледі

КАБУЛ: Кабулда Ауғанстан мен Пәкістан ақсақалдарының “Бейбіт джирга” деп аталған конференциясы аяқталды. Оның аяғында қабылданған Қаулысында 2 елдің үкіметтерін терроризмге қарсы қатаң шаралар қабылдап, экстремистердің бекіністерін жоюға және есірткі саудасын ауыздықтауға шақырады. “Бейбіт джирганың” соңғы – төртінші күні Пәкістан президенті П.Мушарраф сөз сөйлеп, Ауғанстанды экстремистерге қарсы біртұтас майдан болып тойтарыс беруге шақырды.