Ресей прокуратурасы Санкт-Петербор қаласына бара жатқан жолаушы пойызындағы жарылыс террорлық мақсатта жасалған деп қылмыстық іс ашты. Көліктегі прокуратура Солтүстік-Батыс аймағының бас прокуроры Сергей Бедниченко пойыз апаты қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуынан болды дейді. Мәскеуден келе жатқан пойыз кеше Новгород облысында жолдан шығып кетті, алпыс шақты адам жарақат алды. Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Николай Патрушев шабуыл мен Солтүстік Кавказдағы жағдайдың арасында байланыс бар дейді.