Ауған ресмилері террорлық акт жасамақшы болған сегіз адамды тұтқындадық деп мәлімдеді

Ресмилердің айтуынша, ұсталған күдікті сегіз адамның талибанмен байланысы болған. Ұлттық қауіпсіздік кеңсесінің айтуына қарағанда, 6 тамыз күні тұтқындалған күдіктілер үндістандық дипломаттарды ұрлауды және Ауғанстан-Пәкістан ақсақалдарының ассамблеясы жиынына кедергі келтіруді жоспарлаған.