Әзірбайжан астанасындағы білім басқармасының шенеуніктері Жаңа оқу жылынан бастап әйел мүғалімдердің сабаққа шалбар киіп келулеріне рұхсат етілмейді деген ереже қабылдады. Мұнымен қатар Бакудың барлық орта білім беретін оқу орындарында арнайы мектеп формасын енгізуге ұсыныс жасалды. Қалалық білім беру басқармасының өкілі бұл шаралардың барлығы мектептердегі моралдық ахуалды жақсартуға бағытталған дейді.