Түркияның ұлттық қозғалыс партиясы ел президенттігіне үміткер етіп, 1990 жылдары ішкі істер және қорғаныс министрі болған Сабахаддин Чакмакоглун ұсынды. Түркия елінің президенттігіне басты кандидат биліктегі Әділет және даму партиясының мүшесі, елдің қазіргі сыртқы істер министрі Абдулла Гүл екендігі аян. Түркияда президент сайлауы 20 тамыз күні парламентте өткізіледі. Чакмакоглуның президенттікке кандидаттыққа ұсынылуы оппозиция дауыс берулерге бойкот жарияламақшы деген сыбысты жоққа шығарды.