Бүгін Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр

Сонымен қатар сайлаушылар жергілікті мәслихат депутаттарына да дауыс беруде. Парламенттегі депутаттық орындарға Қазақстандағы 7 партияның өкілдері бақ сынап жатыр. Алайда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктегі Нұр-Отан партиясының парламент мәжілісіндегі 107 орынның басым бөлігін иеленеріне күмәнданатындар көп емес. Парламент сайлауының алғашқы нәтижелері дүйсенбіден ерте белгілі бола қоймайды.