НАТО Сербия күштері Косовоға қайтып бармайды деді

Косоводағы НАТО бастаған бітімгершілік күштердің өкілі лейтенант Майкл Кноп, НАТО Сербияның Косовоға әскери күштерін қайта орналастыруына жол бермейді деді. Кеше Белград БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1999 жылғы Косово қақтығысы тоқтады деген қарары негізінде өз әскерлері мен полиция күштерін бұл аймаққа қайта жібергісі келетінін айтқан. Ол қарарда, бір мыңға жуық сербия әскері мен полициясы мәдени және діни орындарды сақтау үшін қайта жіберілуі мүмкін деп жазылған.