Түркиялық жолаушылар ұшағын басып алушылар беріліп, барлық тұтқынды босатты

Солтүстік Кипрден Түркияға ұшып бара жатқанда ұрланған жолаушылар ұшағындағы барлық адам босатылды, ұшақты басып алушылар өздері берілді. Бұл ұшақтағы 142 адам ұрланған ұшақ Түркияның оңтүстігіндегі Анталья қаласына төтенше жағдайда қонғаннан кейін құтылып шыққан. Түркияның көлік министрі, ұшақты 4 сағаттай басып алған екі адамның бірі түркиялық, екіншісі Сирия төлқұжаты бар палестиндік екенін айтты. Оның алдында түркиялық теледидарда сөйлеген жолаушылар ұшақты басып алушылардың араб тілінде сөйлеп, өздерінің әл-Қаида мүшесі екендіктерін айтқанына тоқталды. Түркия әуежолының өкілдері ұшақты ұрлағандардың талабы ұшақты Иран немесе Сирияға әкету болғанын айтады.