Израиль үкіметі өз жеріне келіп жатқан африкалық босқындарды кері қуу үстінде

ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Израиль үкіметі Мысырмен арадағы шекара бойына ағылып келіп жатқан африкалықтардың легіне бөгет қою үшін Суданның азамат соғысы өтіп жатқан Дарфур өлкесінен қашқан босқындарды кейін қуа бастайтынын мәлімдеді. Израиль күтпеген жерден Мысырдағы Синай шөлі арқылы өз жеріне өткен 50 шақты африкалықты Мысырға қуып жіберді. Олардың арасында Дарфур босқындары бар ма – белгісіз.