Арктика – Канада, Норвегия, Дания, АҚШ және Ресей арасындағы дауға айналды

МОНТЕБЕЛЛО: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш пен Канада премьер-министрі Стивен Харпердің кездесуі барысында Арктикаға байланысты дау-дамай талқылануға тиіс. Аталған 2 лидер Канадада Мексика президентімен арада 3 жақты басқосу өткізбекші. Таяуда Канада премьері Арктикаға барып, Канаданың солтүстік полюсте қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығын салуды жоспалап отырғанын мәлімдеді. Осы айдың басында Ресейдің сүзгуір қайығы солтүстік полюске орыс туын қадаса, АҚШ пен Норвегия және Дания да Арктикада өз үлестерінің барлығын мәлімдеп отыр.