Сейсенбінің таңында Мексиканың Карриб жағалауына соққан кезде ол дауыл 5-ші сипаттағы күшіне енген болатын. Қазір ол 2-ші сипатқа төмендеп, сағатына 165 километр жылдамдықпен соғуда. Оның кесірінен осыған дейін 12 адам қаза болған. Мексика шығанағына соққан кезде Дин қайта күшеюі мүмкін, дейді ауа райын болжағыштар.