Ауған теледидарында германиялық тұтқын туралы видео көрсетілді

Ауғаныстанның жекеменшік теледидарына шыққан видеода талибандар кепілдікке алған германиялық тұтқын көрсетілген. Ол таспада тұтқында отырған Рудольф Блехшмидттің жөтеліп, қиналып сөйлеп көмек сұрап жатқаны бейнеленген. “Маған өте қиын. Тәліптер Ауғаныстан билігімен және Германия елшілігімен келісуге тырысып жатыр, бірақ одан ештеңе шықпайтыны анық. Мен өз отбасымнан, Германиядағы достарымнан маған көмектесуін сұраймын. Менің жүрек ауруынан ішетін дәрім үш күннен кейін бітеді, уақыт өтіп барады” - деген германиялық тұтқын.

62 жасар ол Ауғаныстанның оңтүстігінде шілденің 18-де ұрланған. Одан кейін бір күннен кейін оңтүстік кореялық тұтқындар кепілдікке алынды.