Шекарасыз репортерлер ұйымы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ұсынысына қарсы

Шекарасыз Репортерлер ұйымы Қазақстанның жақындағы парламенттік сайлаулары туралы елдегі ақпарат құралдары биліктің қысымымен бейтарап хабар бере алмады деп отыр. Ұйымның айтуынша, ақпарат өкілдеріне түрлі қысымдар мен бақылау жасалып, сайлау заңдарын бұзу оқиғалары көп тіркелген. Сол ықпалдың салдарынан тек президенттің Нұр-Отан партиясы ғана жеңіске жетті делінген ол мәлімдемеде. Осы дауыс берулер барысындағы заңсыздыққа байланысты Шекарасыз Репортерлер ұйымы Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне қарсылық танытып отыр.