Тәжікстан мен Ауғанстан арасын байланыстыратын жол қатынасы көпірі бүгін ресми түрде ашылды

Ашылу салтанатына Ауған президенті Хамид Қарзай мен Тәжік президенті Емомалы Рахмон қатысты. Көпір шығынын Құрама Штаттар көтерді. Көпір құрылысына 37 миллион доллар жұмсалған екен. Бұл арқылы күніне 1 мыңдай жүк машинасы өтіп, екі елді байланыстыра алады.