АҚШ түрмелеріне қамалған ирақтықтардың саны артып барады

Нью-Йорк таймс газетіндегі мақалада Ирақтағы коалиция күштерінің экстремизм мен лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен түрмелерде ұстап отырған ирақтықтар тым көбейіп барады деп жазылған. Газеттің аты-жөні аталмаған американдық офицерге сілтеме жасап жазуына қарағанда, ақпан айында ғана қамаудағылардың саны 16 мың болса, қазір олар 24500-ге жеткен көрінеді. Тәуелсіз ақпарат көздерінен расталмаған бұл мақалада тұтқындағылардың 85 проценті араб сунниттері екендігі жазылған.